WPEngine
page-default.php
ID: 1345
px width
px height
Logged OUT

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

ӨЗ ПОТЕНЦИАЛЫҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫР. ӨЗ ЖЕТІСТІКТЕРІҢДІ АРТТЫР

Оңтүстік Калифорния Университеті (ОКУ) Халықаралық академиясы Америка Құрама Штаттарында «Болашақ» стипендиаттарының академиялық жетістіктерін қамтамасыз етуде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен тығыз байланыста қызмет етуіне қуанышты.

ОКУ Халықаралық Академиясы Сізді ОКУ-нің және АҚШ-тың басқа да колледждері мен университеттерінің қатаң академиялық талаптарына дайындайтын толық кешенді Ағылшын тілін оқыту бағдарламасын ұсынады.

Академияның тәжірибелі оқытушылары мен қызметкерлері Сізге кампус өмірінің екпінді ритмін және Оңтүстік Калифорния Университетінде оқудың шексіз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ағылшын тілін жылдам үйренуге және ғылыми дәрежеге жолыңызды анықтауға көмектеседі.

Университет туралы

Оңтүстік Калифорния Университеті әлемнің жеке жетекші зерттеу университеттерінің бірі болып саналады. Денсаулық, байланыс және өнер саласындағы қызметтер мен технологиялардың ғаламдық орталығы Лос-Анджелес қаласының жүрегінде орналасқан ОКУ ғалымдар мен оқытушылардың алуан түрлі және талантты бірегей қоғамдастығының үйі болып табылады.

300+кең ауқымды ғылыми дәреже бағдарламалары, оның ішінде шамамен 100-і бүкіл әлемнің үздік оқушыларын шартты түрде қабылдау бағдарламалары, Оңтүстік Калифорния Университетінде ұсынылады.

Академия студенті ретінде, Сіз ОКУ-нің қызметтерін толық пайдалана отырып, оның серпінді қоғамдастығының мүшесі боласыз, және барлық әлемді қамтитын байланыстарды құра аласыз.

НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАМАЛАР

 

  • Шағын, интерактивті кластарда индивидуалды оқыту, аптасына 20 сағат.
  • Берілген уақыт ішінде қойылған мақсатқа жету үшін арналған жылдам және мақсатты оқу жоспары.
  • ОКУ-не және АҚШ-тың басқа да ең жақсы колледждері мен университеттеріне түсу кезінде кеңесшілердің арнайы тобының қолдауы.
  • Кампустың қызметтерінің толық қол жетімділігі: кітапханалар мен компьютерлік кластар, медициналық орталық, гимнастикалық зал, жүзу бассейні, ресторандар және кафелер.
  • Мәдени бағдарламалар және кампустық шаралар.
  • Жыл бойы қол жетімді университет баспанасы.

 

КУРСТАР

Интенсивті Ағылшын тілі (1-6 деңгейлер):

  • оқу, жазу, грамматика
  • тыңдау және сөйлеу
  • таңдау бойынша:
    • TOEFL/IELTS тесттеріне дайындау
    • сөздік қор
    • дыбыстардың айтылуы
    • журнализм
    • және басқалар
ОКУ-не және АҚШ-тың басқа да колледждері мен университеттеріне Сіздің жолыңыз

Біздің ғылыми кеңесшілер тобымыз Сізге оңтайлы университетті таңдауға, оған құжаттар тапсыруға және түсуге көмек көрсетеді!

Жауаптар үшін қорапшаларды шертіңіз
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Click boxes for more info
АКАДЕМИЯҒА ҚАБЫЛДАНУ ҮШІН TOEFL/IELTS ТАПСЫРУЫМ КЕРЕК ПЕ?

Жоқ. Академия бастапқыдан бастап жоғарғы деңгейдегі барлық оқушылар үшін оқыту жүргізеді және Сіз бағдарламаны бастаған кезде Сіздің ағылшын тілін білу деңгейіңізді анықтайды.

МАҒАН I-20 ФОРМАСЫН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

I-20 формасы Сіз толтырылған өтінімді жібергеннен кейін 3-5 жұмыс күні ішінде Сізге поштамен жолданатын пакетіңізде болады. Қабылдау пакеттері курьерлік поштамен жіберіледі. Халықаралық экспресс пошта 3-5 жұмыс күні ішінде жеткізіледі.

ӨТІНІМДЕРДІ ЖІБЕРУДІҢ ЕҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ БАР МА?

ОКУ Халықаралық Академиясына қабылданудың шектелген уақыты жоқ. Сізге студенттік визаның уақытын ұтымды пайдалану үшін мүмкіндігінше ертерек құжат тапсыруға кеңес береміз.

МЕНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ ДЕҢГЕЙІМ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

Жаңа студенттер әрбір семестрдің басында Бағдарланудың алғашқы күнінде Ағылшын Орналастыру Емтиханын тапсырады. Ол тест тыңдау, грамматика/сөздік қор, және 30-минуттық эссе жазудан тұрады. Оқытушылар сонымен қатар студенттердің дұрыс деңгей класында екендігіне сенімді болу үшін оларды сабақтың алғашқы аптасы бойына өте жете түрде бақылайды.

МЕН КЕЛЕСІ ДЕҢГЕЙГЕ ҚАЛАЙ ӨТЕМІН?

Деңгейді аяқтау үшін және келесі деңгейге өту үшін, Сіз Академиялық курстарда «С-» бағасынан төмен емес бағамен орташа «В» бағасына бағалануыңыз керек. Барлық студенттер әрбір деңгейдің соңында стандартталған шығыс тест тапсырады. Бұл тесттің нәтижелері семестрдегі курстың қорытынды бағаларына қосылады.

СІЗДЕР МАҒАН ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАБЫЛДАНУҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕСІЗДЕР МЕ?

Иә. Оңтүстік Калифорния Университетінде, басқа да колледжде, немесе университетте бакалавр немесе ғылыми дәрежелерін көздеген студенттер үшін Академиямен кеңейтілген академиялық кеңес беріледі. Кеңесшілер емтиханға дайындық пен жоспарлау, жеке мәлімдемелер мен эсселер, сұхбат дайындықтары және басқаларды қоса, Американың колледждері мен университеттеріне трансферге және өтінімдер жолдауға жәрдемдеседі.

СІЗДЕР ШАРТТЫ ТҮРДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙСЫЗДАР МА?

100+ ОКУ магистратура бағдарламалары шартты түрде қабылдануды ұсынады. Егер студенттің ағылшын тілін білу деңгейі төмен, бірақ академиялық біліктілігі сай болатын болса, ол оқуға шартты түрде қабылданады.

Шартты түрде қабылдайтын магистратура бағдарламаларының тізімін тексеріңіз. Магистратура бағдарламасына қабылдау талаптары туралы толық ақпарат алу үшін бағдарлама атын таңдап, басыңыз.

Егер Сіз ағылшын тілін білу деңгейіңіз 4 немесе одан да жоғары болатын және үздік студент болсаңыз, Сіз тізімдегі магистратура бағдарламасы бойынша мамандыққа шартты түрде қабылдануыңызға құқығыңыз бар. Біздің кураторларымыз Сізге оқу жоспарын құрастыруға және шартты түрде қабылдану процесінде көмектерін көрсетеді.

МЕН ЖҰБАЙЫММЕН БІРГЕ АҚШ-ҚА КЕЛСЕМ, ОЛ ОКУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНА ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАНА АЛАДЫ?

Егер Сіздің жұбайыңыз F-2 визасымен келетін болса, оның ОКУ Халықаралық Академиясының интенсивті ағылшын тілі бағдарламасын толық емес оқу түрінде оқуына мүмкіндігі болады.

Таяудағы мерзім

Жазғы интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы

2016
2 мамыр – 17 маусым , 2016
30 маусым – 12 тамыз, 2016

2017
4 Мамыр, 2017 – 16 Маусым, 2017
26 Маусым, 2017 – 11 Тамыз, 2017

Интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы, академиялық семестр

2016
1 Қыркүйек, 2016 – 16 Желтоқсан, 2016

2017
5 Қаңтар, 2017 – 21 Сәуір, 2017
23 Ақпан, 2017 – 16 Маусым, 2017
4 Мамыр, 2017 – 11 Тамыз, 2017
11 Қыркүйек, 2017 – 15 Желтоқсан, 2017

Интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы, ұзартылған академиялық семестр

2016-2017
27 Қазан, 2016 – 21 Сәуір, 2017

2017-2018
26 Қазан, 2017 – 20 Сәуір, 2018

Құны

2016
Жазғы интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы (7 апта)
Бағдарламаның төлемі:     $2850 USD
Университет қызметі             $490 USD

төлемі*:
Интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы, академиялық семестр (14 апта)
Бағдарламаның төлемі:       $5700 USD
Университет қызметі               $950 USD
төлемі*:

Интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы, ұзартылған академиялық семестр (21 апта)
Бағдарламаның төлемі:       $8550 USD
Университет қызметі               $1535 USD
төлемі*:

2017
Жазғы интенсивті ағылшын тілі бағдарламасы (7 апта)
Бағдарламаның төлемі:        $2850 USD
Университет қызметі                $475 USD
төлемі*:

*Талап етілетін университет қызметі төлемі, оқулықтар мен материалдардың, медициналық сақтандырудың, кампус қызметтеріне (медициналық орталық, гимнастикалық зал, компьютерлік кластар, және басқалар), аэропорт транспорт тасымалдау қызметтеріне және FedEx иммиграциялық құжаттарды жіберу поштасының қызметтеріне қол жетімділіктің құнын өтейді.

Бізге қосылыңыз! 3 қарапайым қадамды қолданыңыз:

1 қадам: Өтінім

Біздің ОКУ Халықаралық академиясының өтінімін толтырыңыз: Online / Bolashak Student Application PDF
Интенсивті Ағылшын тілі бағдарламасын таңдаңыз.

2 қадам: Өтінімді қарастыру процесі үшін төлем
Өтінімді қарастыру процесі үшін $175 төлеңіз.

3 қадам: Жіберу
Қаржылық кепілдеме хатын жіберіңіз.

Сұрақтарыңыз болса бізбен келесі телефондар арқылы +1-213-740-0080
немесе келесі электрондық пошта арқылы info-international@usc.edu хабарласыңыз.